Жоғалған әйелді іздеуге шыққан тікұшақ апатқа ұшырады

1285
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/n8IqbzF7rHreeXMBugVa9utA5qUkScff1YcnG4Vt.jpg

Иранның батысындағы Лурестан провинциясында Қызыл Ай ұйымына тиесілі тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Tasnim агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға салдарынан кемінде екі адам қаза тапты.

Тікұшақ жоғалып кеткен әйелді іздестіру және құтқару жұмыстарына жіберілген болатын. Әуе көлігі 2800 метр биіктікте тауға соғылып құлаған.

Оқиға кезінде бортта экипаж мүшелері мен құтқарушыларды қоса алғанда тоғыз адам болған. Қазіргі таңда апат орнына қосымша құтқарушылар жіберілді.

Пікірлер