Дрондар мен отшашулар шоуы өртке ұласты

1169
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RrxblsfHwcYvNjeH3j0PA4TPYoN9turYerqRtm0w.jpg

Қытайдың Хунань провинциясындағы Люян өзені маңында дрондар мен отшашулар шоуы өтіп, арты өртке ұласты, деп хабарлайды "Адырна".

Аспанға шамамен мыңға жуық дрон көтеріліп, әсем көрініс жасады.

Алайда отшашудан шыққан ұшқындар құрғақ шөпке түсіп, өрттің шығуына себеп болды.

Өрт сөндірушілер алдын ала дайын болғандықтан, жалын жылдам ауыздықталды.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға Люян қаласындағы "Аспан театры" алаңында болған.

Туристік кешен әкімшілігі бұл оқиғаны келесі күні растады және өрттің шағын болғанын, тек үстіңгі қабаттағы өсімдіктерді шарпығанын және қысқа уақыт ішінде сөндірілгенін мәлімдеді.

"Шоу кезінде фейерверктер трибунаға түсіп, өрт шықты. Мен бұл шоуды көру үшін 1500 шақырымнан астам жол жүріп келдім, ал соның орнына өрттің куәсі болдым. Ұшқыннан шыққан жалын бірнеше секундта үлкен өртке айналды", деп жазған көрерменнің бірі әлеуметтік желіге.

Пікірлер