«Құлагер» хоккей клубының басшысы ұсталды

1313
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CUkXx3DEKH1q6fWPEu9DWlFMNvJW7ZeOjzn7Ekym.webp

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген «Құлагер» хоккей клубының басшысы Сергей Филь ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 45 жастағы спорт функционері Қарағанды қаласында қолға түскен.

«Астана қаласының тұрғыны екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қозғалған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін 24 қыркүйектен бастап Сергей Фильмен байланыс үзілгені хабарланған. Кейін бірнеше ресейлік спортшы оған қарсы арыз жазған. 

Пікірлер