Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 6 қазанда, Әзербайжанның Габала қаласына барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы ертең, 7 қазанда, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің XII саммитіне қатысады.
Саммит барысында түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды нығайту мәселелері талқыланбақ.
Ұқсас жаңалықтар