Шерхан Қалмырзаға оқу гранты табысталды

1904
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/N93Q9H0QHzE3Wrg3EaimlY65sHg0ahjgf53z1LCX.jpg

Қазақ спорт және туризм академиясының студенті, жас қақпашы Шерхан Қалмырзаға оқу орнының ректорының білім беру гранты табысталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл шешім талантты жастарды қолдау және олардың білім алуына жағдай жасау мақсатында қабылданған.

Грант табыстау рәсімі кезінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Шерхан Қалмырзамен кездесті. Министр бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына және жоғары білімнің болашақ ұрпақты қалыптастырудағы шешуші рөліне тоқталды.

Саясат Нұрбек Шерхан Қалмырзаның жетістігін ерекше атап өтіп, оны тарихи нәтижесімен құттықтап, алдағы ойындарда сәттілік тіледі.

 

Пікірлер