Путин саммиттен бұрын жетті. 73-тегі басшылардың кездесуі

3209
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KQjBrlG383alQFX34PH7Etmz7tLnuI0GVDF0ZNOO.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстанға мемлекеттік сапармен келді. Душанбенің әуежайында оны Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон қарсы алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұшақтан түскен соң Ресей президентінің жүрісі көптің назарын аудартқан. 

Сондай-ақ, екі президенттің негізгі келіссөздері қазанның 9-ына жоспарланған. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті және одақтастықты тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдауы күтіледі.

Сонымен қатар ертең Душанбеде «Ресей — Орталық Азия» саммиті, ал жұма күні ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтпек.

Айта кетейік, Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Тәжікстан билігін Ресей президенті Владимир Путинді елге кіргізуге тыйым салуға немесе ол келген жағдайда тұтқындауға шақырғанын хабарлаған едік. 

Путин мен Рахмон қазан айының алғашқы аптасында 73 жасқа толды.

Пікірлер