Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

754
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/52cMr9s3FMCI02wSqIOGrLgBv25yrOKZm9FgCJ8H.jpg
Бүгін облыс орталығы – киелі Түркістан қаласында дәстүрге айналған жалпықалалық сенбілік өтті.
Қала аумағын абаттандыруға және тазалықты сақтауға бағытталған шараға мемлекеттік департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен секторлар, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, еріктілер және қала тұрғындары белсене қатысты.
Сенбілік барысында 1000-ға жуық адам мен 32 арнайы техника жұмылдырылып, Б.Саттарханов даңғылы мен Қазыбек би көшесінің аралығында шөп шабылып, аяқ жолдар тазартылды және тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Түркістан қаласы әкімдігі тұрғындарды экологиялық мәдениетті арттыруға, қоғамдық орта мен жеке аумақтарды таза ұстауға шақырады.
Пікірлер