Түркістанда абаттандыру жұмыстары қатаң бақылауда

839
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DnrCFBXhOOBH99gYLUlian3DDF5rHbDlnnv7saSv.jpg
Бүгін Түркістан қаласына іс-сапармен келген ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Жақсылық Ержанов бірқатар нысандарды аралап, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Іс-сапар барысында Қ.А. Ясауи кесенесі аумағындағы жұмыстарға баса назар аударылды. Сондай-ақ «Тұңғыш Президент саябағы», «Визит-орталығы», «Хилует мешіті», «Қолөнершілер орталығы» және «Керуен-сарай» туристік кешенінде жүргізіліп жатқан абаттандыру ісі қаралды.
Түстен кейінгі бағдарламада Жасанды көл саябағы, Ескек есу каналы, «Жастар» саябағы және Нұрсұлтан Назарбаев алаңындағы инфрақұрылымды жақсарту мен көріктендіру шаралары тексерілді.
Пікірлер