2 күнде орындалуы керек. Тоқаев премьерге шұғыл тапсырма берді

1695
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WQdhdCe2XhA54E09f32LyVLpDodEWyHnIhXabj5X.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды»,–делінген хабарламада.

Пікірлер