Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды , деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады»,– делінген хабарламада.
Еске салайық, 6 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға барып, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысқан еді. Қазақстан басшысы 12 қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен бармақ.
Ұқсас жаңалықтар