Белгілі азаматтық белсенді, журналист Әйгерім Тілеужанның анасы қызынан ауыр халде хабар алғанын мәлімдеді. Анасының айтуынша, Әйгерім түрмеде емделмей, денсаулығы күрт нашарлаған. Бұл туралы Алма Ақылбайқызы желіде жариялады, деп хабарлайды «Адырна».
Шекерхан ананың сөзінше, біраз уақыт бұрын Әйгерімнің жамбас тұсында жара пайда болған, алайда оны ауруханаға жатқызудың орнына түрме ішіндегі медициналық бөлімде емдеген. Кейін жара қайта шығып, ауру асқынып, іріңдеп кеткен.
«17 қазанда Әйгерімді Алматы облысы, Іле аудандық орталық ауруханасына тексеруге апарған. Дәрігерлер науқастың жағдайына байланысты ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдаған, бірақ түрме қызметкерлері оны сол бойда Жауғаштыдағы қылмыстық-атқару мекемесіне қайта әкеткен.
Анасының айтуынша, Әйгерім қоғамнан көмек сұрап: “мама, бұлар мені түрмеде өлтірейін деп отыр” деген.
Қазір Әйгерім Тілеужанның жағдайы мен оның медициналық көмек алу мәселесі бойынша тиісті органдардан ресми түсініктеме күтілуде.
Журналист, белсенді Әйгерім Тілеужанды 2023 жылы шілдеде сот "2022 жылғы Қаңтар оқиғасында Алматы әуежайындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деген айыппен 4 жылға түрмеге қамаған. Белсенді бұл айыпқа келіспейді.
Әйгерімнің жазасын өтеп бітуіне енді 1,5 жыл қалды.