Депутат дабылынан соң. Бас прокуратура Назарбаевтың ісін қайта қарауға жіберді

1465
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/prokuratura.jpg

Бас прокуратура Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің күшін жойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов депутаттық сауалға берген жауабында айтты.

Ведомствоның мәліметінше, істің материалдары қосымша тексеруге жіберілген.

“Сотқа дейінгі тергеу материалдарын зерделеу және Қуат Ерментаев ұсынған дәлелдерді ескере отырып, 2025 жылғы 9 қазанда бұрын қабылданған шешімнің күші жойылды. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті айтылған фактілерді жан-жақты және объективті тексеруге бағытталған қосымша тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр”, – деді Берік Асылов.

Бұл іс Porus компаниясындағы 16 пайыздық үлесті заңсыз қайта тіркеу фактісіне қатысты қозғалған. Компания үлесі кәсіпкер Қуат Ерментаевқа тиесілі болған.

Бұған дейін аталған іс “рейдерлік” бабымен тергеліп, 2024 жылғы 22 ақпанда қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған еді. Алайда Ерментаев жаңа дәлелдер ұсынғаннан кейін Бас прокуратура істі қайта қарауға жіберді.

Банкротқа ұшырады деп жарияланған Назарбаев ісінің бұлыңғырлығына байланысты бұдан алдын депутат Ермұрат Бапи дабыл қаққан. 

Пікірлер