Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағали Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі жазды.
Асхат Жұмағали 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік тәмамдаған.
2001 жылдан бері прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарда түрлі басшылық қызметтер атқарған. Қаржы полициясы мен Бас прокуратурада еңбек етіп, кейін Құқық қорғау органдары академиясын басқарған.
2018 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық және өңірлік бөлімшелерін басқарса, 2022–2023 жылдары агенттік төрағасының орынбасары болған.
Ал 2023 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды.