Бітім аптасы. ХАМАС тағы бір израильдік тұтқынның мәйітін қайтарды

526
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Qd8uwIjWHcVacGSGOj5xYlBpaiejUmxpVo6SN83l.webp

ХАМАС тобы Израильге тағы бір қаза тапқан тұтқынның денесін қайтарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW агенттігіне сілтеме жасап.

Мәйіт Қызыл Крест халықаралық комитеті өкілдері арқылы Газа секторындағы израильдік әскерилерге табысталды.

Бұған дейінгі бітім келісіміне сәйкес, ХАМАС Израильге 27 қаза тапқан тұтқынның денесін қайтарып, 20 тірі тұтқынды босатуы тиіс еді. Алайда белгіленген мерзім — 16 қазанға дейін Израиль тек тоғыз табыт алған.

Ұйым өкілдері өз міндеттерін орындағандарын айтып, қалған мәйіттерді алу үшін арнайы техника қажет екенін жеткізді.

Осыған байланысты Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац ескерту жасап, егер ХАМАС келісім шарттарын толық орындамаса, АҚШ-пен бірлесіп Газа секторындағы әскери операцияны қайта бастайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, атысты тоқтату режимі 10 қазанда күшіне енген. 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспар бойынша тұтқындар алмасқан соң, тараптар палестин-израиль қақтығысын түбегейлі реттеу жөніндегі жаңа келіссөздерді бастауы тиіс.

Пікірлер