Астана қаласының прокуратурасы мұрағаттық құжаттарды зерделеу нәтижесінде бірқатар азаматтардың саяси қуғын-сүргін құрбандары санатына қатысы жоқ екенін анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Биыл бес азамат сот арқылы өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде мойындатуға тырысқан.
Алайда қалалық сот пен прокуратура бірлесіп жүргізген тексеріс барысында мұрағаттық материалдар зерттеліп, аталған тұлғалардың бұл санатқа жатпайтыны дәлелденді.
Прокуратураның мәліметінше, тәуелділік төлемдерінің негізсіз берілуін болдырмау мақсатында азаматтарды сот тәртібімен саяси қуғын-сүргін құрбаны деп тану тәжірибесі тоқтатылған.
Нәтижесінде сот елорда прокуратурасының өтінішін қанағаттандырып, азаматтарды саяси қуғын-сүргін құрбандары деп танудан бас тартты.