Жұманғарин 2026 жылы инфляция 9 пайызға түседі деп болжады

1619
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1fTzVAi0pBZjs58xIYwK3n5l5rrmwCV3yuqLcktl.webp

Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың қарауына елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын енгізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Базалық нұсқаға сәйкес, 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,4%-ды, 3 жылдағы орташа жылдық өсуі 5,3%-ды құрайды. Номиналды жалпы ішкі өнім 2026 жылғы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсудің есебінен қамтамасыз етіледі»,- деп атап өтті ол.

Жұманғариннің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі 2028 жылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 6,6%-ға дейін өспек.

«Үш жылдағы орташа өсім тау-кен өнеркәсібінде – 2,8%-ды, ауыл шаруашылығында – 3,9%-ды, құрылыста – 11%-ды, көлік қызметтерінде – 10,1%-ды, саудада – 6,7%-ды құрайды. Экспорт 2026 жылғы $77,1 млрд-тан 2028 жылы $83,7 млрд-қа дейін, импорт $67,7 млрд-тан $75,2 млрд-қа дейін өседі деп болжануда», — деді вице-премьер.

Бұл ретте инфляция болжамы 2026 жылы 9-11%, 2027-2028 жылдары орташа 6% деңгейінде айқындалған. Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде 2026-2028 жылдарға арналған бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамы қалыптастырылды.

Пікірлер