Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген. Биволдың бұрынғы әйеліне қатысты тергеу басталды

1365
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Wmv4qRplxqMe4Y05r7jVV9wGGJVf0jv1KolZq4Uc.jpg

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты тергеуге дейінгі тексеріс бастады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әйелдің әртүрлі ұлт өкіліне, соның ішінде қазақ пен қырғыз халқын қорлайтын сөздер айтқан видеосы тараған еді.

«Мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды. Ол ұлтаралық сыйластық пен төзімділік қағидаттарына қайшы келеді. Тұратын жеріне қарамастан, әр адам моральдық және құқықтық нормаларды сақтауға, араздық пен өшпенділікті қоздырмауға міндетті. Қазіргі уақытта бұл факт тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды»,–деп пікір білдірді Қырғызстан ІІМ.

Министрлік тексеруді соңына дейін жеткізіп, әйелдің әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Екатерина Бивол — ресейлік әрі қырғызстандық боксшы, WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы. Ерлі-зайыптылар 2023 жылы ажырасып кеткен. Айырылысудан кейін Екатерина әлеуметтік желілерде белсенді бола бастады. Ол бұрынғы күйеуін табыстарын жасырып, алимент көлемін азайтуға тырысты деп айыптап, сондай-ақ оның жанкүйерлерін де сынға алған.

Пікірлер