Назарбаевтың көзі ме? Резиденцияның қалдығы қалған саябақ ашылды

1299
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NdqN58h6QguIjXEspkrElFrxTUs4GSg2adrQWHMX.jpg

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды 22 қазанда жұмыс сапары аясында бұрын Қазақстан президентінің резиденциясы орнына салынып жатқан жаңа саябақтың құрылыс барысымен танысқан болатын.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, нысанның дайындығы 97 пайызды құраған. Ал ашылу салтанаты Республика күніне (25 қазан) орай өтетіні хабарланған.

Алайда, саябақтың ашылғаны туралы ресми ақпарат айтылмады. Әлеуметтік желіде саябақтың видеосы тарады. Пікір бөлімінде кейбір тұрғындар барғанын жазса, енді кейбіреулері саябақтың жабық тұрғанымен бөліскен. 



Сондай-ақ, журналист, жазушы Мақсат Мәлік Facebook парақшасында саябақтың  видеосымен бөлісіп, резиденция ғимаратының тек бір қабырғасы қалғанын көрсеткен. Ол қабырға жанына Қаңтар оқиғасынан қалғанын білдіретін тақтайша орнату керек екенін айтқан.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде президент резиденциясы ғимараты қатты зақымданған болатын. Сол жылы наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев резиденцияны бұзып, оның орнына саябақ салу туралы шешім қабылдаған еді.

Пікірлер