Алматы қаласында шетелдік азаматтар террорлық акт жасамақ болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды. Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде»,—делінген хабарламада.
Сондай-ақ биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынған.
ҰҚК мәліметінше, жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның 6-сы —шетелдіктер.
Ұқсас жаңалықтар