Футбол матчы кезінде бас бапкер көз жұмды

1024
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dOpo6iA0kmt4hCkIYNJ5MGPO5Y36DdpVdiMqFgs5.png

Сербия Суперлигасы қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

“Раднички Крагуевац” — “Младост Лучани” арасындағы матчта алаң иелерінің бас бапкері Младен Жижович ойын кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды. 44 жастағы маман өзін жайсыз сезініп, қосалқы құрам отыратын орындықтың жанында есінен танып қалған. Матч дереу тоқтатылып, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, бапкерді аман алып қалу мүмкін болмады. Ол ауруханаға жеткізілгеннен кейін көп ұзамай көз жұмған.

Қайғылы оқиға алғашқы таймның 22-минутында болған.

Қазір Младен Жижовичтің өліміне нақты не себеп болғаны анықталып жатыр.

Сербия футбол одағы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Пікірлер