Түркия Израиль басшыларын қамауға ордер берді

779
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AqMxdUsRIzyvPv2HyYjhThAmjsYv4uueM44Zs8oT.webp

Түркия Газа секторында жасалған геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін шенеуніктерді қамауға ордер берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

DW мәліметінше, Ыстамбұлдың Бас прокуратурасы 36 жоғары лауазымды израильдік шенеунікті қамауға алуға ордер берді.

Айып тағылғандардың қатарында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, қорғаныс министрі Исраэль Кацқа, ұлттық қауіпсіздік министрі әрі «Еврей күші» («Оцма Йехудит») партиясының жетекшісі Итамар Бен-Гвирге, Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) бас штабының бастығы генерал-лейтенант Эяль Замир бар.

Прокуратура мәлімдемесінде:

“Израиль осы күнге дейін Газа секторында жүйелі түрде геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстар жасады. Оның салдарынан мыңдаған адам, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты, тағы мыңдағаны жараланды. Елді мекендер жермен-жексен болды”, – делінген құжатта.

Израиль басшылары қазіргі уақытта Түркия аумағында болмағандықтан, Ыстамбұл қылмыстық соты сырттай қамауға алу ордерін шығарды.

Пікірлер