Қырғызстанды "тонаған" шенеуніктердің тізімі жасалды

825
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2PVKEuDGFH2K2t5zHCzSnnpFtUIAfX9h4KGlti9p.webp

Қырғызстанда мемлекетке тиесілі мүлікті заңсыз иеленгендердің тізімі жасалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеп.

Ұрланған активтердің шамамен 70 пайызы мемлекет меншігіне қайтарылғанын Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камшыбек Ташиев мәлімдеді.

Төраға айтуынша, мемлекеттік мүлікті талан-таражға салу бірнеше кезеңде жүзеге асқан. Алғашында елдің инфрақұрылымы мен өндіріс орындары жекешелендіру сылтауымен түрлі тұлғаларға дерлік тегін берілген.

«Заводтар, фабрикалар, автобазалар, жер телімдері – мұның бәрі халық игілігі үшін емес, жеке баю мақсатында қолға өтті. Осылайша елде халық есебінен байыған жаңа топ пайда болды, ал мемлекет пен миллиондаған азамат кедейленді. Мысалы, құрылысқа 100 сом бөлінсе, соның 50–60-ы жеке қалтаға түсетін. Соның салдарынан жаңа нысандар да, даму да болмады», – деп атап өтті ол.

БАҚ мәліметінше, Қырғызстан билігі президент Садыр Жапаровтың тапсырмасымен ұрланған мүлікті қайтарып, халық байлығын қалпына келтіру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Пікірлер