Трамп АҚШ соңғы 30 жылда Орталық Азияға тиісті назар аудармады дейді

899
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6WXG8bHqFQ3SNhPFxVzNfeJsFvcSPTAbCLLFX4e3.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Орталық Азия елдеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақ үй Вашингтонда өткен C5+1 форматындағы саммит нәтижесінде АҚШ, Қазақстан және Орталық Азия елдері арасындағы жаңа кезеңнің басталғанын мәлімдеді.

«Кеше мен үшін Ақ үйде бес тамаша елдердің президенттерімен саммит өткізу — үлкен мәртебе болды. Қазақстаннан — Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстаннан — Шавкат Мирзиёев, Тәжікстаннан — Эмомали Рахмон, Қырғызстаннан — Садыр Жапаров және Түрікменстаннан — Сердар Бердімұхамедов келді», — деді Трамп өз жазбасында.

АҚШ президентінің айтуынша, соңғы отыз жыл ішінде оның алдындағы әкімшіліктер Орталық Азия елдеріне тиісті деңгейде назар аудармаған.

Ал өзі бұл «олқылықтың орнын толтыруға» ниетті екенін жеткізді.

«C5+1 платформасының 10 жылдығына орай біз миллиардтаған долларға коммерциялық келісімдерге қол қойдық. Бұл авиация, минералдар, ауыл шаруашылығы, темір жол, автомобиль жасау және технология секторындағы ондаған мың америкалық жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Саммит Құрама Штаттар мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін берді», — деп түйіндеді ол.

Пікірлер