Бүгін, 10 қараша күні Таразда әкімдік ғимаратының алдында көлік өртенді. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды "Адырна".
Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 10:45-те«112» пультіне Тараз қаласы, Төле би даңғылында газ қондырғысы орнатылған автокөліктің өртенгені туралы хабар түскен.
Оқиға орнына ТЖД-ның жедел әрекет ету бөлімшелері дереу жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау сағат 10:56-да толық сөндірілді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар