Алапат өрттен 170-тен астам ғимарат өртеніп кетті

1096
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pLHzwoOIvXqG8LKdtejBnYxtUwdeNj4hIRQ8BV2U.jpg

Жапонияның Оита қаласында алапат өрт болып, 170-тен астам ғимарат өртеніп кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

News-TV Asahi дерегінше, өрт туралы ақпарат 18 қараша күні кешкі уақытта түскен. Алдымен бір үй отқа оранған, алайда қатты жел салдарынан жалын жақын маңдағы үйлерге тез таралып, өрт шамамен 48,9 мың шаршы метрді шарпыған.

Оқиға орнынан бір адамның мәйіті табылды. Алайда оның кім екені әзірге анықталған жоқ.

Өрттен 167 адам эвакуацияланды. Олар жергілікті қоғамдық орталыққа орналастырылды. Шамамен 350 үй жарықсыз қалған.

Қала әкімдігі зардап шеккендерге барынша көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Пікірлер