Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

463
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6voEggCj8phxDSMXnkQj6x9L7fPFDSZdFCpgv76v.webp

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әлия Рүстемова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлия Рүстемова 1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина университетін және І.Жүнсүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Талғар аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласындағы №7 емханада, №5 қалалық клиникалық ауруханада терапевт, клиникалық ординатор және аспирант ретінде қызмет атқарды.

2000 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы басшылық қызметтерге ауысты. Талғар қаласының медициналық мекемелерінде бас дәрігердің орынбасары, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің аумақтық бөлімше басшысы болды.

Сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті департаментін, Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментін басқарды.

2012–2015 жылдары Астана қаласындағы Травматология және ортопедия ҒЗИ-да ғылыми хатшы әрі инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2015–2022 жылдары Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан қалаларында қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық қызметті бақылау бағытында басшылық лауазымдарда еңбек етті.

2023 жылдың қыркүйегінен бері Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Жаңа қызметте Әлия Рүстемова денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және саланың негізгі бағыттарын үйлестірумен айналысады.

Пікірлер