Женевадағы кездесу. Рубио Украина жөніндегі келіссөздердің нәтижелі өткенін айтты

1049
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NRQSn1hpP4hLxJUU5q9TGuMYxhgiZjtau5lnsR2J.webp

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Женевадағы Украинаға арналған бейбіт жоспар жөніндегі жоғары деңгейлі кездесулерден кейін Вашингтонға оралды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Ол техникалық деңгейдегі талқылаулар жалғасатынын айтып, «мақсатымызға жақын арада жетеміз» деген пікір білдірді.

АҚШ-тың басқа ресми өкілдерінің Женевадан кеткен-кетпегені белгісіз. Бұған дейін Рубио АҚШ тарапынан бұл жұмысқа тартылған әртүрлі деңгейдегі мамандар бар екенін айтқан еді.

Жексенбі күні Женевадағы келіссөздер аяқталғаннан кейін Рубио соғысты тоқтату жоспары бойынша украиналық ресми тұлғалармен жүргізілген талқылауда «айтарлықтай прогресс» болғанын мәлімдеді.

«Біз айтарлықтай прогреске қол жеткіздік және әділ әрі тұрақты бейбітшілікке қарай алға жылжудамыз», - деді ол.

Айтуынша, бұл кездесу — Трамп билікке қайта келгелі бері АҚШ пен Украина арасында болған ең нәтижелі келіссөздердің бірі.

CNN-нің хабарлауынша, түпкілікті келісімге қол қою үшін Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің мақұлдауы қажет. Сонымен қатар Ресей де бұл жоспарды қолдауы тиіс.

Бұған дейін Швейцария астанасында Ұлыбритания, Франция, Германия, Украина және АҚШ өкілдерінің Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеу перспективасына қатысты келіссөздері басталғаны хабарланған еді.

Пікірлер