"Газ өндіру шығынға шағады..." Министр жанармай бағасы өсетінін айтты

696
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/V6CJ86uDnxJCBp1IevD84w3Yxzzs06sDq8Ke5vo9.webp

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар жанар-жағармай түрлерінің бағасы 2026 жылдың 31 наурызына дейін өспейді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бұрын да мемлекеттік реттеуде болған, сондықтан олардың бағасына мораторий жарияланған.

"Біздің әлеуметтік маңызы бар жанар-жағармай – АИ-92 бензині мен дизель. Үкімет 2026 жылдың наурызына дейін мораторий енгізді. Осы уақытқа дейін олардың бағасы өзгермейді", — деді Ақкенженов.

Алайда, АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин бағасы өсуі мүмкін. Себебі бұл қымбат жанар-жағармайдың құны мемлекеттік реттеуге келмейді.

Министрдің сөзінше, қазір Қазақстанда газ өндіру мен өңдеу экономикалық жағынан тиімсіз.

"Газ өндіру де, оны тауарлық және сұйытылған күйде шығару да бүгінде шығынға шағады. Сала экономикалық тұрғыда минуста", - деді ол.

Оның айтуынша, елде газ және мұнай өнімдері нарығын ырықтандыруға бағытталған реформа жүріп жатыр.

Пікірлер