«Дикий Арманға» қатысты аппеляциялық сот үкімі шықты

318
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6wXQXqSGJ6k7NTYXmPL4muTQDKZKf6bGKzMaz0ms.jpg

Бүгін, 26 қарашада Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің шағымын қарастырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сот алқасы бірінші инстанция сотының шешімін күшінде қалдырды. Сот отырысы жабық режимде өтті.

Жұмагелдиевтің адвокаты Олег Чернов қорғау тарабының кассациялық сотқа жүгінгелі жатқанын жеткізді.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев 2022 жылы қаңтар оқиғасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған болатын. 2025 жылдың қаңтар айында сот оны 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Пікірлер