Жер сілкінісі жер астындағы метро қызметін тоқтатты

302
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/olgzuzYv9ww78EhOqs4zZJvbcmmQEBDk0zbSFwGM.jpg

Алматыда жер сілкінісінен кейін метрополитен жұмысы уақытша тоқтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы метро баспасөзі хабарлады.

“Алматыда орын алған жер сілкінісіне байланысты метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары қауіпсіздік талаптарына сәйкес толық тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру аяқталып, ТЖМ рұқсат бергеннен кейін метроның жұмысы қайта жанданады. Жаңалықтарды біздің ресми парақшамыздан бақылап отырыңыздар”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 4 желтоқсан күні 12:45-те Алматыда жер сілкінісі тіркелген еді.
Жер асты дүмпулерін сезген қала тұрғындары мен қонақтары кеңселерден, ғимараттардан, сауда орталықтарынан жаппай эвакуацияланды.

Пікірлер