Әлемге танымал актер Джеки Чан және «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа киноларын Маңғыстау облысында түсіретін болды. Бұл ресми ақпаратты Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы таратты, деп хабарлайды "Адырна".
«Әлемдік кино жұлдыз Джеки Чан мен «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа киноны түсіретін негізгі алаңы ретінде Маңғыстау облысын ресми түрде бекітті», - деп хабарлайды дереккөз.
Қазір Маңғыстау облысын аралап жүрген команда облыстың табиғаты мен инфрақұрылымын көріп, «Доспехи Бога» фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстауды таңдап алған.
Ұқсас жаңалықтар