Мемлекеттік қызмет туралы дөңгелек үстел өтті

27
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xtNGzAiUrAOCe0nOwOlDj00L7g1MO3hWbv4VGd9W.jpg

Алматы қаласында «Заң мен тәртіп» акциясы аясында «Мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлім» филиалының басшысы Қайырлыков Азамат Тлеугазыевич Нархоз колледжінде өткен мемлекеттік қызметтің маңызына арналған дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі, жастардың кәсіби бағыт-бағдары, болашақ мамандарды даярлау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің этикасы мен жауапкершілігі сияқты өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды. Азамат Тлеугазыевич студенттерге мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі, жұмыс барысының ерекшеліктері және қызметтік өсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Іс-шара барысында студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Аталған кездесу жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын насихаттауға және болашақ мамандардың азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағытталды

Пікірлер