Сақ стилі. Жаңа дизайндағы теңгелер айналымға енді

168
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dVNCKUa3deQISFspZ0xsezf4EONxbyk2Zw2WaiuW.webp

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналымға енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұлттық банктің мәліметінше, жаңа банкнота «Сақ стилі» сериясымен шыққан бесінші ақша белгісі болып саналады.

Дизайнда көшпенділер мәдениеті мен бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасы көрініс тауып, дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің бастауында тұрған «Сақ стилі» элементтері қолданылған.

Жаңа банкнот жаппай қолданысқа 2026 жылдың екінші тоқсанында енгізіледі. Ұлттық банк ақшаны еліміздің барлық өңіріне жеткізу, сондай-ақ банкоматтар мен терминалдарды және басқа да кассалық жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет екенін атап өтті.

Жаңа 500 теңгелік банкноттың негізгі түсі – көк. Банкноттың бет жағында көкте қалықтаған құсы бар «Бәйтерек» бұтағы бейнеленген.

Бұл – Есік қорғанынан табылған Алтын адамның бас киіміндегі әшекейдің элементі. Сондай-ақ ДНҚ спиралі мен адамның табиғатпен байланысын білдіретін шексіздік символы және Берел қорғанынан табылған арқар басы түріндегі әшекей фрагменті орналастырылған.

Ұлттық банктің хабарлауынша, жаңа 500 теңгелік банкноттар 2017 жылғы үлгідегі банкноттармен қатар екі жыл бойы айналымда болады. 

Пікірлер