Президент наразылыққа шыққандармен сөйлесуге дайын екенін хабарлады

188
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fY17Ufh3dc89fUQpZWfDJNJOCn5KOXkrLVbGgEVc.webp

Тегеран мен ірі қалаларда 28 желтоқсаннан бері экономикалық дағдарысқа байланысты жаппай шерулер өтіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Euronews дерегінше, Иранның ұлттық валютасы риал күрт құнсызданып, 1 доллар шамамен 1,4 миллион риалға жетті. Инфляция 42,2%-ға, азық-түлік бағасы 72%-ға, дәрі-дәрмек пен медициналық тауарлар 50%-ға қымбаттады.

Наразылықтар Тегерандағы Үлкен базар маңында басталып, Исфахан, Шираз, Мешхед сияқты қалаларда да қолдау тапты. Кей жерлерде полиция шерушілерді арнайы газ арқылы тарқатқан.

Президент Масуд Пезешкиан ішкі істер министріне митинг қатысушыларымен диалог жүргізіп, олардың талаптарын тыңдауды тапсырғанын мәлімдеді.

 Ол халықтың экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған шараларды қабылдауға дайын екенін атап өтті.

Пікірлер