«Назарбаев, кет!» ұранының авторы, саясаткер әрі белсенді Ермек Нарымбай ұсталды. Бұл туралы журналист Лұқпан Ахмедияров мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Айтуынша, ол Қырғызстанда қонақта жүрген кезінде ұсталып, сот шешімінсіз Қазақстанға депортацияланған.
«Қазақстан полициясы Ермек Нарымбайға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Оған сот үкімі бойынша әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салынғанына қарамастан, бұл талапты орындамаған деген айып тағылып отыр. Қазіргі уақытта ол Астанадағы полиция департаментінде отыр»,–делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар