ҰҚМК бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев уақытша шетелге кеткені белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ақпаратты өз әлеуметтік желісінде тележурналист Откурбек Рахманов жариялады.
Рахмановтың айтуынша, Тәшиев елден уақытша кеткен. Дегенмен оның шетелге шығу мақсаты мен мерзімі туралы нақты ақпарат берілген жоқ.
Ресми мемлекеттік органдардан Тәшиевтің шетелге шығуына қатысты пікір әлі жарияланған жоқ.
Еске салсақ, 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті барлық лауазымынан босатқан. Кейіннен бұрынғы министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) экс-төрағасы Қамшыбек Тәшиев Германиядан Қырғызстанға оралғаны туралы да ақпарат тараған.
Ұқсас жаңалықтар