Ресей соты Қазақстандағы ҚазТАГ сайтын бұғаттауды талап етті

210
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3zso25pEdTTiKqBMrEft7HwvrQTqxHeCDI67ehHW.jpg

Мәскеу қалалық соты Ресей құрамындағы Роскомнадзор мекемесіне ҚазТАГ ақпарат агенттігінің сайтын бұғаттау туралы талап қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Бұл шешім Freedom Finance компаниясының негізін қалаушы Тимур Турлов туралы жарияланған материалдарға байланысты қабылданған.

Сот құжаттарына сәйкес, әдеби материалдарға авторлық құқықты қорғау мақсатында алдын ала қамтамасыз ету шаралары қолданылған. Аталған талап арызды Дорина Данилова берген. Ол бірқатар мақалалардың авторлығын өзіне тіркеген.

Алайда ҚазТАГ редакциясының мәліметінше, сот шешімінде көрсетілген материалдардың бір бөлігі агенттікке тиесілі. Атап айтқанда, Турлов туралы мақала заңгер Светлана Оралбаеваға сілтеме жасап жарияланған. Редакция сот шешімі Данилованың авторлыққа қатысты мәлімдемелеріне негізделгенін айтады.

Бұған дейін агенттік Ресей соттарына берілген талап-арыздардың артында Данилова тұрғанын хабарлаған. Сондай-ақ ол Турлов туралы жарияланған материалдарды бұғаттау бағытында жұмыс істеп жатқаны айтылған.

Пікірлер