Белгілі ақын Жүрсін Ерман "Қазақстанның Халық жазушысы" атағын алды. Бұл туралы Қазақстан жазушылар одағы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері Жүрсін Ерман “Қазақстанның Халық жазушысы” атағын иеленді»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл атақты бұған дейін Төлен Әбдік (2023), Смағұл Елубай (2023), Бексұлтан Нұржекеұлы (2023), Софы Сматаев (2023), Ахметжан Аширов (2023), Любовь Шашкова (2023), Темірхан Медетбек (2024), Валерий Михайлов (2024), Исраил Сапарбай (2024), Марфуға Айтхожина (2025), Ғаббас Қабышов (2025) алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар