Конституция отбасы институтын жауапкершілікке негізделген құндылық ретінде қарастырады

131
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9FkcExjDKUAOy5w2A3gzBUwXbsD0PidYmO1slCXL.jpg

Жаңа Конституцияның 30-бабында неке және отбасы институтына қатысты негізгі қағидаттар бекітілді. Ата заңға сәйкес неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекет қорғауында болады.

Конституцияның преамбуласында-ақ «Әділеті Қазақстанның» құндылық бағдары мен «Заң мен тәртіп» қағидаты бекітілді. Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығыныңбасымдығы расталған бұл басты құжатта әділетті мемлекеттік басқаруға, құқықтық сананы нығайтуға, қоғамдық-азаматтықинституттарға деген сенімді арттыруға ұмтылыс көрініп тұр.

Конституцияның II бөлімі 30-бабының 1-тармағында «Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады», – деп нақты көрсетілді. Заңға сәйкес, мемлекет тіркеген неке ер мен әйелдің ерікті және теңқұқылы одағы болып саналады. Демек, бұдан былай неке одағын құрып, отбасы болған ерлі-зайыптыға үлкен жауапкершілік жүктелмек.

Қазақ халқының ежелден бергі ұлттық дәстүрінде отбасы, туыстық қатынасқа байланысты өзіндік құндылық жүйесі мен әдет-ғұрпы қалыптасқаны белгілі. Осы орайда, жаңа Конституцияда отбасы мен неке ұғымдарын күшейтіп, тек қана ер мен әйелдің арасындағы тең, еркін және өзара жауапкершілікке негізделген құндылық ретінде қарастырылғаны қуантады. Бұл тұрғыда Ата заң – тек құқықтық норма мен баптар жиынтығы емес екенін ескерген жөн. Негізгі құжатты жаңарту кезінде отбасы институтының да, еліміздің де болашағы туралы тұжырымдамалық ойлар қозғалып, қоғам тарапынан түскен ұсыныс, пікірлер ескерілді.

Осы орайда, ерікті және тең одақ ретінде конституциялық деңгейде бекіген неке туралы ереженің құқықтық сипатын атап өткен жөн. Бұл, ең алдымен, мүліктік салдар, ерлі-зайыпты құқықтары мен балалар мүддесін қорғау мәселелеріндегі заңды тұғыры барнормалар.  

Сондай-ақ заңда балаға қамқорлық жасау, оған тәрбие беру – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi екені айқын жазылды. Ал кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi деген норма енгізілді.

Яғни мұның барлығы дәстүрлі отбасылық құндылық пен қазіргі заманғы әлеуметтік құрылымдар өміршеңдігі талаптарына да жауап беретін қағидалармен үндесіп жатыр. Осылайша, жаңа норма некенің негізгі анықтамасын және оның негізгі белгілерін (еріктілік, теңдік, мемлекеттік тіркеу) конституциялық деңгейде тіркейді әріотбасылық мәртебенің құқықтық кепілдігінарттырады. Сонымен бірге ол ерлі-зайыптының, баланың құқығын қорғау менотбасылық қатынастың тұрақтылығы мәселелерін қоса алғанда, отбасы саласыныңзаңнамасы мен құқықтарына конституциялық негіз береді.

Анар Фазылжан,
 А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры 

Пікірлер