Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловты қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Берік Шолпанқұлов бұл қызметті 2021 жылдың сәуір айынан бері атқарып келген.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов бұдан алдын президент Тоқаевтың қазақстандық банктердің бірі арқылы іргелес мемлекеттен шетелге 7 трлн теңгенің «аударылуы» туралы сөзінің растығына күмән келтірген болатын.
Ұқсас жаңалықтар