Бүгін, 25 ақпанда белгілі кино және театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова 75 жасқа толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Меруерт Қайратқызы 1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген. Ол 1968 жылы Алматы қаласындағы №66 мектепті тәмамдағаннан кейін "Қыз Жібек" киносының бас кейіпкерінің рөлін сомдауға шақырту алған. 1969-1973 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік мәдениет институтының театр факультетін аяқтаған.
Өнер иесі театр өнерінің жұлдызы болып қана қоймай, кино әлемінде де бірегей рөлдерімен халық көзайымына айналды. Ол "Қыз Жібек", "Ғани Мұратбаев", "Ұлдың оралуы", "Қосымша сұрақтар", "Тентек балалар", "Аждаһа жылы", "Өрнек", "Өтелмеген парыз", "Жауын", "Ақ бақсы", "Шоқан Уәлиханов", "Қазақфильм", "Қырғызфильм", "Махамбет", "Арман қала", "Секіріс" фильмдерінде әртүрлі рөлді сомдаған.