Көкшетаулық екі оқушы олимпиададан жеңіп алған және өздері жинаған қаржыны мұқтаж отбасыларға жұмсады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Азамат Аманжолов олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, 35 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды. Ал оның досы Данияр Байбосынов біраз уақыт бойы үнемдеп, қаражат жинаған. Оқушылар қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсауды емес, көмекке мұқтаж жандарға беруді шешкен. Олар азық-түлік сатып алып, қиын жағдайға тап болған отбасыларға табыстаған. Жасөспірімдер бұл жүрек қалауымен әрі саналы түрде жасалған қадам екенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар