Түркияда F-16 жойғыш-ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш қаза тапты

235
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gwIQMmVAECEPwNAHQoFyOcoRtCQNEz7HgHghi0FB.webp

25 ақпан күні Түркияның Балыкесир қаласында жоспарлы ұшу кезінде F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Апат жергілікті уақытпен 00:56-жда (Қазақстан уақытымен 02:50 - ред.) болған. Ұшақ Ыстанбұл-Измир тас жолының маңына құлаған.

«Апат себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Қаза тапқан ұшқыштың туыстарына көңіл айтамыз», – деп жазды елдің қорғаныс министрлігі.

Ұшақ елдің 9-шы негізгі авиациялық базасына тиесілі болған.

Бұған дейін Қарағандыда Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырағанын жазған едік.

Соңғы айларда F-16 ұшағы жиі апатқа ұшырап жүр. 2025 жылдың тамызында Польшада әуе парадына дайындалып жүрген ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапқан еді. Ал қаңтарда Тайваньда F-16 ұшағы теңізге құлаған.

 

Пікірлер