Соғыс шегерілді ме? Иран министрі АҚШ-пен келіссөз жалғасады дейді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Lcf1Ogh3HKrSQ7tVFv039wZiiYQ03nCLVfGjpv9K.jpg

Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Женевада өткен Иран мен АҚШ арасындағы жиынның үшінші раундын ең маңызды әрі ең ұзақ келіссөздердің бірі деп бағалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оның айтуынша, бірнеше сағатқа созылған кездесулер барысында тараптар белгілі бір ілгерілеуге қол жеткізген. Бұл туралы министр Иранның мемлекеттік телеарнасы эфирінде мәлімдеді.

Женевада өткен келіссөздер Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді қамтыды. Делегациялар арасындағы хат-хабар алмасуға Оман сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди қатысқан.

Сонымен қатар, келіссөздер процесіне Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Рафаэль Гросси де тартылғаны айтылды.

Еске салайық, Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келісімге қатысты келіссөздер бірнеше жыл үзілістен кейін қайта жанданған. 

Пікірлер