Президент Тоқаев Қазақстандағы АҚШ-тың елшісі Джули Стаффтты қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың қарқынды дамуы екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп отырғаны атап өтілді.
Тараптар сауда-экономика және инвестиция салаларындағы маңызды келісімдердің жүзеге асырылу барысын талқылады. Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін екі елдің салалық ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар әңгімелесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы ықпалдастық мәселелері сөз болды. АҚШ елшісі аталған ұйымның ізгі бастамаларын ілгерілетуге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, Президент елшіні 13 ақпанда қабылдаған еді.