АҚШ пен Израиль шабуылы. Иран лидері қаза тапты деген ақпарат тарады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CwRLe5dLCcowkdVis2w0d4C97Fr5osgQGqUB9FXl.jpg

Израиль мен АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылынан соң елдің жоғары лауазымды шенеуніктері қаза тапты деген ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеп.

БАҚ хабарлауынша, АҚШ пен Израиль бірлескен операциясы нәтижесінде Иран лидері Әли Хаменеи қаза тапқан.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху операция кезінде Иран лидері тұратын резиденция Тегеран қаласында жойылғанын мәлімдеген. 

Елдің БАҚ дерегінше, Хаменей қаза тапқаны туралы құжаттар Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға көрсетілген.

Сонымен бірге, Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Хаменеи әлі тірі екенін хабарлады.

Әли Хаменеи 1939 жылдың 19 сәуірінде Иранның екінші ірі қаласы Мешхедте дүниеге келген. 1994 жылы оны ұлы аятолла деп жариялаған. Ол АҚШ саясатын жиі сынап, 2014 жылы Америка Құрама Штаттарын «барлық адамзатқа қарсы озбырлық символы» деп атаған.

 

Пікірлер