Кувейтте америкалық ұшақ апатқа ұшырады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iuj79jajAUcwPSSJrQjEd1vLge3s6nhGmXTOW1XX.jpg

Кувейтте америкалық F-15 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Clash Report порталы оқиғаның бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Видеодан ұшақтың төменге құлдилағанын, содан кейін ұшқыштың катапульт жасағанын көруге болады.

Кейін желіде тағы бір видео пайда болды, ол оқиға болғаннан кейін түсірілген деп болжануда. Онда тірі қалған ұшқыш автокөліктің жүксалғышында екені айтылады.

Ұшақтың құлау себебі мен ұшқыштың жағдайы туралы ресми пікірлер жарияланған жоқ.

Пікірлер