Ираннан ұшырылған дрон Әзербайжандағы әуежайға құлады – БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/v0VdZ6wmMP4GOQVPBzP0hQ06rOXI9b9M5yX7f8pQ.webp

Иран аумағынан ұшырылған ұшқышсыз ұшу аппараты Әзербайжанның Нахичеван әуежайына құлады. Бұл туралы елдің Trend және APA агенттіктері жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

APA мәліметінше, тағы бірнеше дрон басқа жерлерге де құлаған. 

Жергілікті БАҚ әуежайда өрт шыққанын жазуда. Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта жедел қызметтер өртті сөндірумен және залалды бағалаумен айналысып жатыр.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат әлі нақтыланбады.

Еске салайық, бұған дейін Түркияның әуе кеңістігіне кірген Иран зымыраны құлатылған еді.  Ел президенті Режеп Тайип Ердоған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қатаң ескерту жайлы айтқан.

Пікірлер