Неге шетелдіктерге жер байлығын беріп қойдық?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KUD6yn2Vz2GVDTmk8t2SPsr6cCIHaTkXykdsXmMc.jpg

«Адырна» ұлттық порталының YouTube арнасының кезекті қонағы – ардагер металлург, ғалым Төлеген Бүкіров. Сұхбат барысында ғалым металлургия саласына қалай келгені, Жезқазған өңіріндегі мыс өндірісінің қалыптасуы мен стратегиялық маңызы, сондай-ақ кен өндірісіндегі қауіпсіздік, экология және жер қойнауындағы байлықтарды игеру мәселелері туралы ой бөлісті.

Төлеген Бүкіров өз өмір жолындағы маңызды кезеңдерді еске алып, металлургия ғылымына келуіне әсер еткен факторларды, сондай-ақ өз көзімен көрген Жезқазған мыс зауытының салыну тарихын баяндады. Сонымен қатар ол жер қойнауынан алынатын кен құрамында 25–30 түрлі элемент болатынын атап өтіп, олардың ел экономикасы үшін маңызын түсіндірді.

Бұдан бөлек, Төлеген Бүкіров ағасы Сүтемген Бүкіров туралы естеліктерімен бөлісіп, «Кетбұқа» қоғамдық қорының атқарып жатқан жұмыстары жайлы да әңгімеледі.

Пікірлер