Маңғыстау облысында қызды некеге тұру мақсатында ұрлаған екі адам үш жылға сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Мұнайлы аудандық сотының 2026 жылғы 2 ақпандағы үкімімен азаматтар А. мен О. Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
